КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Алматы қаласы әкімдігінің

2017 жылғы «18» __04______

2/123  қаулысымен бекітілді

 

 

«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

  

1. Жалпы ережелер

 

1. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкте шоттары болады.

4. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

6. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050010, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Д.А. Қонаев көшесі, 122 үй.

9. Толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Управление занятости и социальных программ города Алматы».

10. Осы Ереже «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттерін орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

 2. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес табысы аз азаматтардың тұрмыс деңгейін көтеруге көмектесуге және халықты жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру, халықка әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту саласында азаматтардың құқығын орындауды қамтамасыз ету болып табылады.

14. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 2 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 5, 10 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 4, 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 3, 9, 10 баптарына сәйкес «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;

3) жұмыссыздықты төмендету, кедейшілікті ауқымды азайту және халықтың тұрмыс деңгейін көтеру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

4) әлеуметтік серіктестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) әлеуметтік көмекке мұқтаж зейнеткерлерге, жұмыссыздарға, мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға және басқа да топтағы жұмысқа жарамсыз халыққа қолдау көрсету мақсатымен ұйымдар, мекемелер, қоғамдық бірлестіктер және қайырымдылық қорларының өзара іс-қимылдарын үйлестіру.

15. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» және 2015 жылғы 26 наурыздағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, Алматы қаласының еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

4) Алматы қаласының аумағында әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

5) Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;

6) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

7) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жасайды;

8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

9) халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырады, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындайды және төлейді;

10) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің өлшемдерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарайды және келіседі;

11) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындайды және төлейді;

12) тұрғын үй көмегін тағайындайды және төлейді;

13) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындайды;

14) әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдарға жеңілдіктер мен кепілдіктерді беру мақсатында жұмыста соғыс және еңбек ардагерлері Кеңестерімен, қоғамдық қорлармен, бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды, бұл жұмысқа қаланың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарын, меншік түрлеріне қарамастан, қатыстырады;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алуларды өткізеді;

16) мемлекеттік мекеменің құзыретіне енетін мәселелер бойынша қаржылық есептер мен ақпараттар әзірлейді;

17) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның келісімімен ведомстволық бағынысты коммуналдық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және таратуды жүзеге асырады;

18) оралымды басқару құқығында берілген коммуналдық мүлікті иелену және пайдалану құқығын (билік етусіз) жүзеге асырады;

19) «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

20) жеке оқу жоспары бойынша мүгедектер санатындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек тағайындайды және төлейді;

21) ақталған адамдарға куәлік беруді жүзеге асырады;

22) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркейді;

23) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдейді;

24) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдейді;

25) ведомстволық бағынысты мекемелердің Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауын бақылайды;

26) жұмыс берушілер ұсынған құжаттарды қарайды, Алматы қаласында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру (беруден бас тарту) туралы шешімдер қабылдау;

27) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеуді жүзеге асырады;

28) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды кері қайтарып алады;

29) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту бойынша қажетті құжаттарды қабылдайды;

30) еңбек шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн шетелдiк қызметкердiң өзiнiң тұрақты тұратын елiне қайта оралу кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн кепiлдiк берiлген жарнаны қайтаруға жазбаша келісім береді;

31) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен, жеке көмекшілер мен ымдап, қолмен көрсету тілі мамандарының әлеуметтік қызметтерімен, есту протезімен, санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етедi.

32) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған жеңілдіктерге құқық беретін куәлік береді;

33) зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгекдетеріне, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға санаторий-курорттық емделуді қамтамасыз етеді;

34) кресло-арбалармен жүретін және жеке көмекшінің қызметін пайдаланатын мүгедектерді автокөлікпен тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетеді;

35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алматы қаласының әкімдігі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы» Заңының 15 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіпте құқықтары мен міндеттері бар:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды іске асыруға қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық материалдарды және тағы басқа да материалдарды сұрау және алу;

2) «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;

3) «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізу;

4) белгіленген тәртіпте «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, мәслихаттың шешімдерінің жобаларын енгізу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

 

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

 

17. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

18. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

1) «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары мен «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;

2) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

4) өз құзыреті шегінде «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтарға қол қояды, олардың орындалуын тексереді;

5) «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

6) белгіленген еңбекақы төлеу қорының шегінде және қызметкерлердің санына қарай «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штат кестесі мен шығындар сметасын бекітеді;

7) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен қатынаста «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді, мүлікке билік етеді;

8) қолданыстағы заңнамамен белгіленген жағдайларда және шекте мүлікке билік етеді;

9) Алматы қаласы әкімдігінің қарауына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша қаулылардың, шешімдер мен өкімдердің жобаларын енгізеді;

10) азаматтарды қабылдайды, олардың жазбаша өтініштерін қарайды;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды.

«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіліктерін оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.

21. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

  

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

 

22. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен қалыптастырылады.

23. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

 

25. «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети