КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Есту протездеу көмегі нені қамтиды?
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Есту протездеу көмегі нені қамтиды?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген, Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету Қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес, есту протезi дәрiгер-сурдологтар, оториноларингологтар ауруларды жалпы лортексеру және аудиометриялық тексеру кезiнде белгілеген, әр құлағының есiтуiн орташа жоғалтуы 20 дБ-дан асатын адамдарға қолданылады.

Мүгедектерге берілетiн есту аппараттары медициналық көрсетілімдерге және олардың орналасуына қарай құлақ iшiндегi, түтiк iшiндегi, құлақ сыртындағы, қалтадағы, көзiлдiрiк ұясындағы, ауыстырып қондырылатын, ауа және сүйек арқылы дыбысөткiзгіш болуы мүмкiн.

Мүгедектердi есiту аппараттарымен, жиынтықты бұйымдармен, қосалқы бөлшектермен, олардың қоректендiру көздерiмен қамтамасыз етудi, сурдологиялық тексерудi, естудi протездеу көмегiн, есту аппараттарын ірiктеудi, олардың техникалық сипаттамаларға сәйкестiгiне қорытынды берудi, сервистiк қызмет көрсетудi, жөндеудi тиiсті материалдық-техникалық базасы мен мамандары бар, қазiргi заманғы есту аппараттарын iрiктеу және беру арқылы медициналық-әлеуметтiк оңалту мақсатымен есiту протез көмегiн көрсетуге, естудiң жай-күйiн қадағалауға, есту аппараттарына техникалық қызмет көрсетуге маманданған ұйым (бұдан әрi - ұйым) жүргiзедi.

Есту қабілетiн екi жақты симметриялық жоғалтқан кезде күшейтуi бойынша бiрдей екi жақты есту аппараттарын тағайындау жолымен екi жақты (бинауральдық) есiту протезi ұсынылады.

Есту функциясы ассиметриялық түрде бұзылған кезде моноуральдық есту протезi тағайындалады.

 Естудiң сүйек-тiндік өткiзгіштігі бойынша төмендеуi 20 дБ-дан аспаған, ал ауа арқылы өткiзгіштігі бойынша айқын бiлiнетiн сүйек-ауа интервалы кезiнде есiтудi жоғалту 50 дБ-дан астам болған жағдайда, сүйек арқылы дыбыс өткiзгіштігі бар жеке есту аппараты тағайындалады.

Есту протезi есту кемiстiгiн электроакустикалық түзету балалардың, ересек адамдардың ерекшелiктерi ескеріле отырып, оларды есту аппаратына бейiмделуге мiндетті түрде үйрете отырып, сондай-ақ оны қолдану және ұзақ пайдалануға дағды алдыра отырып жүргiзіледі.

Әлеуметтік оңалту шеңберінде есту қабілеті бұзылған мүгедек балаларды кохлеарлық имплантациядан кейін есту-сөйлеуге бейімдеу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен күндізгі және (немесе) тәулік бойғы байқау жағдайларында жүргізіледі.

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети