КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Мүгедектерге берілетін мiндетті гигиеналық құралдардың мөлшері қандай?
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Мүгедектерге берілетін мiндетті гигиеналық құралдардың мөлшері қандай?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету Қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 102 тармағына сәйкес, міндетті гигиеналық құралдар деп мүгедектердiң табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттілiктерiн қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, жөргектермен ұғынылады.

Мүгедектердi міндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету өтініштердің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) негізінде жүзеге асырылады.

Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер мынадай құжаттарды:

1) ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;

3) мүгедек балалар - жеке басын куәландыратын құжатты, ата-анасының (қамқоршыларының, қорғаншыларының) бірінің жеке басын куәландыратын құжатты;

4) жеке сәйкестендіру нөмірін - жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;

5) мүгедектігі туралы анықтаманы қоса беріп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш жасайды.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Өзі барып өтініш жасау мүмкін болмаған жағдайда, мүгедек нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде өтінішпен жүгінуді басқа адамдарға тапсырады.

Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге өтініш жасалған айдан бастап беріледі.

    Табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттілiктердi қанағаттандыруға арналған мiндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға мынадай мөлшерде берiледi:

1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен - 730 дана;

2) несепжыныс жүйесiнің бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар - 365 дана;

3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар - 365 дана. 

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети