КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Зейнеткерлерге әлеуметтік қолдаудың қандай түрлері көрсетіледі?
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Зейнеткерлерге әлеуметтік қолдаудың қандай түрлері көрсетіледі?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына және Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы», Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімдеріне сәйкес келесідей әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі:

А) Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 (үш) есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді:

арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына толған зейнеткерлерге;

арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектерге;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.

 Б) Жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет әлеуметтік көмек 7,5 айлық есептік көрсеткіш (17 018 тенге) мөлшерінде көрсетіледі;

В) Ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 2 айлық есептік көрсеткіш (немесе 4 538 тенге) мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);

2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

4) зейнет жасына толған зейнеткерлерге.

2017 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2 269 теңгені құрайды, ең төмен күнкөріс деңгейі 2017 жылдың 2 тоқсанына 24 727 теңгені құрайды.

Аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау үшін тұрақты тіркелген жері бойынша Басқарманың аудандық бөлімдеріне өтініш және келесідей құжаттар ұсыну қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

3) адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети