КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне тылдағы еңбек қатысушыларына әлеуметтік көмек төленеді ма?
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне тылдағы еңбек қатысушыларына әлеуметтік көмек төленеді ма?

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXV сессиясының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 210 «Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы» шешімімен Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне көмек алушылар тізімі анықталған:

- Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

- Мәртебеcі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 2247 Заңының 6, 8-баптарымен белгіленген, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

- Ұлы Отан Соғысында қайтыс болған (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайталап некеге тіркелмеген жесірлері;

- Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналары және қайталап некеге тіркелмеген әйелдері (күйеулері).

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 9 бабында анықталған, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары деп Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда танылады. Яғни, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне тылдағы еңбек қатысушыларына әлеуметтік көмек берілмейді.

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети