КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Толық емес отбасыларға (жалғыз басты аналарға) қандай әлеуметтік қолдау түрлері көрсетіледі?
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Толық емес отбасыларға (жалғыз басты аналарға) қандай әлеуметтік қолдау түрлері көрсетіледі?

Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Басқармамен келесідей әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі мен жәрдемақылар төленеді:

1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-ІІ «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға қүқығы бар. Кедейлік шегінің мөлшерін тоқсан сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен айқындайды және нақты аймаққа ең төмен күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – КД) шамасының 40% -н құрайды. 2017 жылдың 2 тоқсанына Алматы қаласы бойынша ең төмен КД мөлшері 24 727 теңгені, ал кедейлік шегі – 9 891 теңгені құрайды.

Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін өз атынан немесе отбасы атынан белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, өтініш жасайды.

Өтінішке келесідей құжаттар тіркеледі:

1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2)  өтініш берушінің алған табыстары туралы мәліметтер (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің);

3) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде жасалған жағдайда әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі;

5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы).

Аталған көмекті альтернативті негізде Басқарманың аудындық бөлімінде немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында рәсімдеуге болады;

2. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-ІІІ «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалады және төленеді. Жәрдемақы отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан төмен болған жағдайда төленеді.  Азық-түлік себетінің құны ең төмен КД-ң шамасынан 60% құрайды. 2017 жылдың 2 тоқсанына Алматы қаласы бойынша азық-түлік себетінің құны 14 836 теңгені құрайды, жәрдемақы мөлшері - әр балаға 1,05 бір айлық есептік көрсеткіш (немесе 2 382 теңге).

Жәрдемақыны тағайындау үшін өтінішпен келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді;

3) өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік;

4) отбасы құрамы туралы мәлімет, құжаттардың түпнұсқасы негізінде толтырылған;

5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет;

6) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

7) балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат;

8) жәрдемақыны беруге уәкілетті ұйымның банк шотының нөмірі туралы мәліметті растайтын құжат.

Аталған көмекті альтернативті негізде Басқарманың аудындық бөлімінде немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында рәсімдеуге болады.

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети