КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Тұрғын үй көмегі кімге төленеді және қандай құжаттар қажет?
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Тұрғын үй көмегі кімге төленеді және қандай құжаттар қажет?

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесіне сәйкес, тұрғын үй көмегі келесідей төленген шығындар арасындағы айырма ретінде айқындалады: телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергілікті атқарушы орган белгілеген шекті-жол берілетін деңгейі. Алматы қаласындағы отбасылардың (азаматтардың) шығындарының шекті-жол берілетін деңгейі 10 пайызды құрайды.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) «Мемлекеттік корпорация «Халыққа арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұрынғы ХҚКО) тұрғылықты тіркелген жері бойынша өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы;

4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың көшірмесі;

6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың көшірмесі;

7) телекоммуникация қызметтеріне арналған түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың көшірмесі;

9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратындарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге қолданылатын түбіртек-шоттың көшірмесі.

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети