КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Ақпарат
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Ақпарат

Стандарттар: ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИН. 2015.28.04. № 279 БҰЙРЫҒЫНА (160,50kb) - Жіктеу 

Регламент: өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру (96,50kb) - Жіктеу


 «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты 

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

2

Көрсетілетін қызметті беруші (қызметті көрсететін орган)

      Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) ауылдық округ әкімі;

      4) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Көрсетілетін қызметті алушы (қызметті тұтынушы)

Жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін қызмет нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Жұмыс кестесі

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – www. mzsr.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған;

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

      3) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті "портал арқылы" броньдауға болады.

      4) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

6

Қажетті құжаттар

     Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне не Мемлекеттік корпорацияға:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.

      Көрсетілген құжатта қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйе растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну талап етілмейді.

      Порталда:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Сұрау салуда көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Портал арқылы сұрау салған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

7

Қызмет құны және төлем төлеу тәртібі

Тегін

8

Қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне және порталға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 минут;

      Мемлекеттік корпорацияда – 3 (үш) жұмыс күні (Мемлекеттік корпорацияда құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

9

Қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама.

10

Нормативтік құқықтық актілер

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.

11

Шағымдану тәртібі

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  басшысының атына немесе Алматы қаласы әкіміне шағым келесідей мекенжай бойынша беріледі:

- Алматы қалалық Жұмвспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр басқармасы, Қонаев көшесі, 122 (www.uzsp.almatykala.kz);

- Алматы қаласы әкімдігі, Республика алаңы, 4 (www.almaty.gov.kz);

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - www.mzsr.gov.kz.    

     Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекетттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.                                                          

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 Безымянный.png11

Аудан

Мекен-Жай

Байланыс мәліметтер

Қызметкердің төлық аты-жөні (жауапты лауазымдық орындаушысы)

Алатау ауданы

Жанқожа батыр көш. 26

395-36-05

Улжекеева Ляззат Нартайгановна

Бисекенова Салтанат Орынбасаровна

Алмалы  аудан

Сейфуллин көш. 577/89

392-22-95

Аманова Айгерим Аскарбековна

Әуезов аудан

3-ықшам ауд. 41Б

277-48-83

Есетова Камила утениязовна

Байтимбетова Лаззат абдисаматовна

Бостандық аудан

Жандосов көш. 2

 

 

Жетісу аудан

Мақатаев көш. 142

279-64-92

Нысанбаева Алия Уткелбаевна

Смагулова Назым Максатовна

Медеу аудан

Төле би көш. 12

291-10-28

Кашкеева Несипбала Джуматаевна

Наурызбай ауданы

2- Қалқаман ықшам ауд. 24

309-81-87

Боранкулова Аягоз Танаткановна

Түрксіб ауданы

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Рихард Зорге көш. 18

 

Қонаев көш. 122

223-68-05

 

261-67-24

 

Аюпова Ольга Дмитриевна

Михайлова Светлана Ивановна

Исмайылов Р.А.

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети