КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Ақпарат
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Ақпарат

Стандарттар: Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою (66,50kb) - Жіктеу 

Регламент: Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою (61,97kb) - Жіктеу


 «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты 

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою

2

Қызмет беруші (қызметті көрсететін орган)

Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық бөлімдері (бұдан әрі – қызмет беруші).

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) қызмет беруші;

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Қызметті алушы (қызметті тұтынушы)

Жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін қызмет нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Жұмыс кестесі

1)     қызмет берушіге - өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру  сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін сағат, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.

2)     Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесі бойынша түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.

3) порталда –  тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді санамағанда (қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мейрам күндерде өтініш білдірген жағдайда  өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру  келесі жұмыс күнінде іске асырылады).

6

Қажетті құжаттар

    Қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі), оралмандар үшін – оралман куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).

Қызметті алушы Мемлекетітк корпорацияға жүгінген кезде белгіленген үлгідегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасының нысанына  сәйкес жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою өтінішін толтырады.

порталда –  қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

7

Қызмет құны және төлем төлеу тәртібі

Тегін

8

Қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге, порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызмет берушіде құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді.

9

Қызметті көрсету нәтижесі

Қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама.

10

Нормативтік құқықтық актідет

1) Қазақстан Республикасының 2016 жылғы                    6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

3) Регламент –  Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 (31.08.2016 ж. өзгерістермен) қаулысымен бекітілген.

11

Шағымдану тәртібі

Қызмет берушінің және оның лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі), шағымдану  шешімі, мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша шағымдар Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының, немесе Алматы қаласы әкімінің атына мекен-жайлар бойынша беріледі:

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы қаласы, Қонаев к-сі, 122 (www.uzsp.almatykala.kz);

- Алматы қаласы әкімдігі, Республика алаңы, 4 (www.almaty.gov.kz);

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – www.mzsr.gov.kz

Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша не қолма-қол қызметтерді көрсету кеңсесі арқылы, Алматы қаласы әкімдігінің, аудан әкімдіктеріне беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Қызметті берушінің кеңсесінде, немесе әкімдікте шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш білдіргендер шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «1414» біріңғай  телефон арқылы   ала алады.

Шағымды портал арқылы жібергенде қызметті алушының «жеке кабинетінде» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында ақпарат (жеткізу туралы белгі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту)  жаңартылып тұрады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

 

Аудан

Мекен-Жай

Байланыс мәліметтер

Қызметкердің төлық аты-жөні (жауапты лауазымдық орындаушысы)

Алатау ауданы

Жанқожа батыр көш. 26

393-91-20

Турсунова Ж.Н.

Кыдыралиева И.К

Алмалы  аудан

Сейфуллин көш. 577/89

385-10-66

Каримжанова Ж.Т.

Әуезов аудан

3-ықшам ауд. 41Б

279-90-32

Баянова Д.Б. 

Бостандық аудан

Жандосов көш. 2

392-15-80

Мажит Аягоз

Жетісу аудан

Мақатаев көш. 142

233-50-39 

Кудашева Лиза Карахановна

Медеу аудан

Төле би көш. 12

291-75-04

Есмуханова М.Б.

Тойтанова Г.

Алтыбайкызы Ж

Наурызбай ауданы

2- Қалқаман ықшам ауд. 24

397-43-83

Аскаров Е.Н.

Түрксіб ауданы

Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Рихард Зорге көш. 18

Қонаев көш.

299-59-29

261-67-71

Ж.Есжанова

Мадибекова Г.М.

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети