КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Ақпарат
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Ақпарат

Ережелер: ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2016.27.06 ... (333,00kb) - Жіктеу 

Стандарттар: ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИН. 2015.28.04. № 279 БҰЙРЫҒЫНА (241,50kb) - Жіктеу

Регламент: Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында (588,50kb) - Жіктеу


«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге  тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»

Мемлекеттік қызмет паспорты 

1

Мемлекеттік қызмет атауы

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге  тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»

2

Көрсетілетін қызметті беруші

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы бойынша көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Қызмет алушы

жеке және заңды тұлғалар 

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

через информационную систему «Государственная база данных «Е-лицензирование» либо в бумажном виде.

5

Жұмыс кестесі

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

6

Қажетті құжаттар

Тартылатын шетелдік жұмыскерлерге олардың біліктілігін растайтын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландыған көшiрмелері немесе аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);

2) жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде).

3) тартылатын шетелдік жұмыскер туралы мәліметтер;

3. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 6-тармағына сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат. Шетелдік жұмыс күшін басымды жобаларға тартқан кезде жұмыс беруші Қағидалардың 7-тармағына сәйкес басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты ұсынады.

4. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан жағдайда осы қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

5. Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшiн жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейін кемiнде бір айдан кешіктірмей «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды жiбередi:

1) өтініш;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

3) тартылатын шетелдік жұмыскер туралы мәліметтер;

4) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

7

Көрсетілетін қызметтер төлемі және төлеу тәртібі 

 

Баға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысының қосымшасына сәйкес реттеледі.    

8

Көрсетілетін қызмет мерзімі

көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы:

рұқсат беру – 21 (жиырма бір) жұмыс күні;

рұқсатты қайта ресімдеу – 18 (он сегіз) жұмыс күні;

рұқсатты ұзарту – 16 (он алты) жұмыс күні;

9

Көрсетілетін қызмет нәтижелері

қайта ресімделген рұқсат және шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға ұзартылған рұқсат.

10

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бектіліген «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы қаулысы»

 Қазақстан Республикасы   Денсаулық сақтау және  әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі  № 279 бұйрығымен бекітілген  «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге  тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 қаулысымен бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге  тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

11

Шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің  (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) , оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімнің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 Безымянный.

Аудан

Мекен-Жай

Байланыс мәліметтер

Қызметкердің төлық аты-жөні (жауапты лауазымдық орындаушысы)

Алатау ауданы

Жанқожа батыр көш. 26

299-87-79

Абсатова Кундыз Турсынхановна

Алмалы  аудан

Сейфуллин көш. 577/89

261-05-82

Мұрат Айымгүл Мұхтарқызы

Әуезов аудан

3-ықшам ауд. 41Б

276-36-50

Габбасова Сауле Кайсаровна

Бостандық аудан

Жандосов көш. 2

392-21-32

Абылаева Асем Бекманова Гульмира Сериковна

Жетісу аудан

Мақатаев көш. 142

279-54-50

 

Акилбекова Айгерим Бакытжановна

Медеу аудан

Төле би көш. 12

291-62-18

Шаханова Айман Оразбаевна

Наурызбай ауданы

2- Қалқаман ықшам ауд. 24

309-81-87

Асанов Бахытжан Маделханулы

Түрксіб ауданы

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Рихард Зорге көш. 18

Қонаев көш. 122

232-77-98

Шаймерденова Аманкуль Аскарбековна

 

 

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети