КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Ақпарат
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Ақпарат

Ережелер: Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру (119,00kb) - Жіктеу 

Стандарттар: Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру (41,50kb) - Жіктеу 

Регламент: Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру (144,00kb) - Жіктеу


«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты 

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру

2

Қызмет беруші (қызметті көрсететін орган)

Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық бөлімдері (бұдан әрі – қызмет беруші).

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) қызмет беруші;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

3

Қызметті алушы (қызметті тұтынушы)

Жеке тұлғалар

 

4

Көрсетілетін қызмет нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Жұмыс кестесі

1)     қызмет берушіге - өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру  сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін сағат, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.

2) порталда –  тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді санамағанда (қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мейрам күндерде өтініш білдірген жағдайда  өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру  келесі жұмыс күнінде іске асырылады).

6

Қажетті құжаттар

Қызмет берушіге: қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі), сонлай-ақ, оралмандар үшін – оралман куәлігі.

Порталға: қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

7

Қызмет құны және төлем төлеу тәртібі

Тегін

8

Қызметті көрсету мерзімі

Қызмет беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 30 минут;

порталда – 1 (бір) жұмыс күні.

9

Қызметті көрсету нәтижесі

Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды:

            1) жұмысқа орналасуға жолдама;

            2) қоғамдық жұмыстарға жолдама;

            3) адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жолдама;

            4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама;

            5) жастар практикасына жолдама;

            6) адамдарға кәсіби бағдарлауға тегін қызметтер көрсету.

10

Нормативтік құқықтық актілер

1) Қазақстан Республикасының 2016 жылғы                    6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

3) Регламент –  Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 (31.08.2016 ж. өзгерістермен) қаулысымен бекітілген.

11

Шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша қызмет берушінің және (немесе ) оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдар Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының, немесе Алматы қаласы әкімінің атына келесі мекен-жайлар бойынша беріледі:

- Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы қаласы, Қонаев к-сі, 122 (www.uzsp.almatykala.kz);

- Алматы қаласы әкімдігі, Республика алаңы, 4 (www.almaty.gov.kz);

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – www.mzsr.gov.kz

Шағым  пошта бойынша жазбаша нысанда немесе қолма-қол қызмет берушінің канцеляриясы, Алматы қаласы әкімдігі, аудан әкімдіктер  арқылы беріледі.

Шағымның қабылданғаны қызмет берушінің кеңсесі немесе әкімдіктің шағымды қабылдаған адамның тегі мен инициалдарын, мерзімі мен ұсынылған шағымға берілетін жауаптың орнын тіркегені (штамп, кіріс нөмірі және мерзім) дәлел болып табылады.

Қызмет берушінің немесе әкімнің мекен-жайына түскен қызметті алушының шағымы тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш білдіргендер шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «1414» телефоны арқылы Бірыңғай контакт-орталығынан ала алады.

Қызметті алушыны «жеке кабинеттен» шағымды портал арқылы жібергенде өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол қызмет берушінің өтінішті өңдеу барысы бойынша (жеткізу туралы белгі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметті алушы  шағыммен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді.

 Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

 

Аудан

Мекен-Жай

Байланыс мәліметтер

Қызметкердің төлық аты-жөні (жауапты лауазымдық орындаушысы)

Алатау ауданы

Жанқожа батыр көш. 26

393-91-20

Турсунова Ж.Н.

Кыдыралиева И.К

Алмалы  аудан

Сейфуллин көш. 577/89

385-10-66

Каримжанова Ж.Т.

Әуезов аудан

3-ықшам ауд. 41Б

279-90-32

Баянова Д.Б. 

Бостандық аудан

Жандосов көш. 2

392-15-80

Мажит Аягоз

Жетісу аудан

Мақатаев көш. 142

233-50-39 

Кудашева Лиза Карахановна

Медеу аудан

Төле би көш. 12

291-75-04

Есмуханова М.Б.

Тойтанова Г.

Алтыбайкызы Ж

Наурызбай ауданы

2- Қалқаман ықшам ауд. 24

397-43-83

Аскаров Е.Н.

Түрксіб ауданы

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Рихард Зорге көш. 18

Қонаев көш. 122

299-59-29

261-67-71 

Ж.Есжанова

Мадибекова Г.М. 

 

 

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети