КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Ақпарат
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Ақпарат

Стандарттар: Жүріп-тұруы қиын бірінші топтары мүгедектерге жеке көмекшініз және есту кемістігі бар мүгедектерге (95,00kb) - Жіктеу

Регламент:  Ж?ріп-т?руы ?иын бірінші топта?ы м?гедектерге (67,96kb)  - Жіктеу 


 «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі

Маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

1

Мемлекеттік қызмет атауы

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу

2

Көрсетілетін қызметті беруші

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

3

Қызмет алушы

Жеке тұлғалар

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

6

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

3)Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - жеке сәйкестендіру нөмірі.

Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.

7

Көрсетілетін қызметтер төлемі және төлеу тәртібі 

Тегін

8

Көрсетілетін қызмет мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1)құжаттардың топтамасын тіркеу сәтінен бастап - 10 (он ) жұмыс күні;

2)құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;

3)көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.

9

Көрсетілетін қызмет нәтижелері

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну мерзімі көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.

10

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;

  1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минитрінің 2015 жылғы 22  қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы;

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №3/539 «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген   «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі

маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті

11

Шағымдану тәртібі

   Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана және Алматы қалаларының, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі - әкім) атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі - әкімдік) кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

 Безымянный.png6

Аудан

Мекен-Жай

Байланыс мәліметтер

Қызметкердің төлық аты-жөні (жауапты лауазымдық орындаушысы)

Алатау ауданы

Жанқожа батыр көш. 26

395-36-09

Айманбетов Багжан Сауткалиевич

Алмалы  аудан

Сейфуллин көш. 577/89

267-45-80

Усентаева Мадина Тимуровна

Әуезов аудан

3-ықшам ауд. 41Б

277-35-40

Нускабаева Алмагуль Базархановна

Бостандық аудан

Жандосов көш. 2

392-22-89

Камаев Серик Айткулович

Жетісу аудан

Мақатаев көш. 142

279-64-92

 

Сарсенбаева Айнура Асылхановна

Медеу аудан

Төле би көш. 12

291-62-18

Абирова Жулдыз Мейрамовна

Наурызбай ауданы

2- Қалқаман ықшам ауд. 24

309-82-18

Ногайбекова Меруерт Муратбековна

Түрксіб ауданы

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Рихард Зорге көш. 18

Қонаев көш. 122

234-93-15

272-78-92

Адильбекова Куляш Колмахановна

Шайкенова Хадиша Кекиловна

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети