КГУ «Управление занятости и социальных программ города Алматы» :: Ақпарат
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Ақпарат

Ережелер:  ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИН. 2015.22.01 № 26 (284,50kb) - Жіктеу 

Стандарттар:  ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИН. 2015.28.04. № 279 БҰЙРЫҒЫНА (162,50kb) - Жіктеу 

Регламент: Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу (151,50kb)  - Жіктеу  


 «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

1

Мемлекеттік қызмет атауы

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

2

Көрсетілетін қызметті беруші

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

3

Қызмет алушы

Жеке тұлғалар

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

6

Қажетті құжаттар

 Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін - мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы;

2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - белгіленген үлгідегі куәлік;

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін - тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның протездік-ортопедиялық көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы;

4) жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін - жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжат.

Салыстырыу үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркеген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.

7

көрсетілетін қызметтер төлемі және төлеу тәртібі 

Тегін

8

Көрсетілетін қызмет мерзімі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер:

1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі, 30 минут ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының өтінішті қарап, тапсырылған құжаттарды тексеруі, 8 жұмыс күні ішінде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі, 1 жұмыс күні ішінде;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру 1 жұмыс күні ішінде.

9

Көрсетілетін қызмет нәтижелері

 Мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесі - мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

10

Нормативтік құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;

  1. 2.  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және  әлеуметтік даму минитрінің 2015 жылғы 22  қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  2. Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы                            9 қыркүйектегі №3/539 «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген   «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті

11

Шағымдану тәртібі

   Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана және Алматы қалаларының, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі - әкім) атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі - әкімдік) кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

 Безымянный.png4

Аудан

Мекен-Жай

Байланыс мәліметтер

Қызметкердің төлық аты-жөні (жауапты лауазымдық орындаушысы)

Алатау ауданы

Жанқожа батыр көш. 26

395-36-09

Дарменова Ботакуз Акылбаевна

Алмалы  аудан

Сейфуллин көш. 577/89

267-46-76

Аннабигина Людмила Усербаевна

Әуезов аудан

3-ықшам ауд. 41Б

276-50-72

Султанова Римма Туглуковна

Бостандық аудан

Жандосов көш. 2

392-22-89

Калабаева Бибигуль Хамиевна

Жетісу аудан

Мақатаев көш. 142

279-64-92

Аршабаева Замира Амановна

Медеу аудан

Төле би көш. 12

291-17-47

Докеева Алия Токсеитовна

Наурызбай ауданы

2- Қалқаман ықшам ауд. 24

309-82-18

Ногайбекова Меруерт Муратбековна

Түрксіб ауданы

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Рихард Зорге көш. 18

Қонаев көш. 122

234-93-15

272-78-92

Бекеткызы Алмагуль

Шайкенова Хадиша Кекиловна

Полезные ссылки

Подведомственные учреждения

Работа
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы

Баннеры

Стратегиясы Қазақстан 2050
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Халықтық IPO бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ
Қазақстан Стратегиясы 2050
Центр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан
EXPO 2017
Назарбаев орталығы
ҚР Әділет министрлігі
ҚАЗТЕСТ
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Сот кабинеті
  • Мекенжайы

    Алматы қаласы,
    Конаев көшесі, 122

  • Телефон

    8 (727) 261-75-56

  • E-mail

    uzsp@almaty.gov.kz

  • Соц. сети